Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Батыс Қазақстан облысында 15 ІТ класс өз жұмысын бастады

AstanaTV
04.09.2018ж. 20:00
3210
Батыс Қазақстан облысында 15 ІТ класс өз жұмысын бастады

Ал бұл уақытта Батыс Қазақстан облысында 15 ІТ класс өз жұмысын бастады. Олардың үшеуі қалада, қалғаны облыс аудандарында жұмыс істейді. Тың технологияны үйретуге бюджеттен 49 млн теңге бөлініп, 30 маман арнайы оқу курстарында тәлім алған. Енді балалар Стэм Академиясы Болашак Инжиниринг бағдарламасы бойынша робот техникасы, программалау, 3D-модельдеу бағыттарымен  халықаралық стандарттарға сай білім алады. Жоба аясында үш жылда облыс бойынша тегін 45 ІТ сынып ашылады. Осылайша 8-16 жас аралығындағы 9 мың балаға бағдарламалау және робот техникасының негіздері жайында сабақтан тыс уақытта білім беру жоспарланып отыр. Бастама «Нұр Отан» партиясының «Балалар үшін тегін IT-сынып» партиялық жобасы аясында қолға алынған.

Архат Исламғали, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ саяси жұмыс бөлімінің консультанты:

Бұл ІТ сыныптардың негізгі маңызы - біріншіден, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, яғни бос уақыттарында келіп уақыт өткізіп, осы жерде тектен тек, құр дүниеге емес, пайдалы дүниеге арнау. Жасалып жатқан жұмыстарды «Нұр Отан» партиясының жастарға қамқорлығы, солардың арқасында жасалып жатқан жұмыстар.