Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шығыс Қазақстан облысында ер азаматқа жүкті деген диагноз қойылған

AstanaTV
04.09.2018ж. 20:00
3512
Шығыс Қазақстан облысында ер азаматқа жүкті деген диагноз қойылған

Бағдарлама соңында дәрігерлер туралы сәл көңілдірек жаңалықпен бөліссек. Өскеменде ер азаматқа жүкті деген диагноз қойды. Нефрологтың диагнозы бойынша 35 жастағы азаматтың іші жүктілік мерзіміне сай үлкейіп отырған. Ара-тұра  ішінде қозғалыс та бары жазылады. Қисынсыз оқиғаға қатысты, көп ұзамай, тиісті мекеме басшылығы түсініктеме  берді. Айтуларынша, тексеру парағында ер азамат жүкті деп жазылған колонкасы кездейсоқ пайда болған. Жігіттің алдында қабылдауға жүкті әйел келген көрінеді. Дәрігер науқастардың көптігінен мәліметтерді тексермепті. Өзін жүкті етіп шығарған азамат болса, дәрігерлерге  ешқандай кінә артпайды. Ал әлеуметтік желіге диагнозы жазылған қағазды оның туысы жариялапты.

Александр Киреев, медициналық қызметтің сапасын бақылаушы директордың орынбасары:

Бұл жағдай бойынша, дәрігер бұл азаматқа компьютерде дайын тұрған шаблонды жіті оқымай бірден принтеріне жіберген. Яғни мұнда бұл азаматтан бұрын келеген  жүкті келіншектің диагнозы жазылып тұрған. Алдағы жиналыстарда құжатты басып шығармас бұрын, қайта оқуға баса назар аудару қажет екендігін айтатын боламыз.