Ақтөбеде лифт жаншып өлтірген жас журналист Айзат Әбдісаматқа қатысты сот ісі басталды. Жан түршігерлік оқиғаға сол лифтті жөндеген механик пен лифт жауапкершілігінде болған мекеме басшысы айыпталып отыр. Бірақ екеуі де өз кінәларын мойындамайды. Бақыт Рахметова тарқатады.
Бақыт Рахметова, тілші:
Бұл жантүршігерлік оқиға сол кезде Ақтөбені дүр сілкіндіргені рас. Жас журналисті лифт жаншып тастады дегенді естігенде, қалада қайғырмаған жан қалмады. Ал бүгін Айзат Әбдісаматтың жақындары сол қаралы күнді қайта бастан кешкендей болды.
Узнал своих. Я сначала подумал ее зажало между этажами... я вытаскивал вместе с ними.
Қайыржан әйелінің қазасын жұмыстан келген соң, өз көзімен көреді. Тіпті жұбайының жансыз денесін шахтадан шығаруға көмектесіпті. Қайғылы оқиға болған лифт «Жаңабек сервис» мекемесіне қарасты. Қазір сол серіктестік басшысы Кенен Жаңабеков пен механик Жарылқасын Ақжанов қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталып отыр.
Асылхан Сәрсенбаев, Ақтөбе қалалық прокуратурасының аға прокуроры:
Ақжанов Жарылқасын мен Кенен
Жанабековтің өздеріне жүктелген міндеттеріне салғырт қарауы адам өліміне
әкелуіне орай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 306 бабымен
айыпталады.
Сотта Айзаттың күйеуі лифттің жиі
сынатынын, апталап жұмыс істемейтінін айтты. Түнде ішінде адам да қалып қойған
көрінеді. Бірақ, оны тексерген ешкім жоқ дейді. «Жаңабек сервис» серіктестігі
лифтге үш жылдан бері жауапты. Ал механик Жарылқасын Ақжанов оқиғадан
бірнеше күн бұрын жедел сатыны жөндеп, қолданысқа берген.
Кенен Жаңабеков, «Жаңабек сервис» ЖШС директоры:
Мен болған жайтқа қатты өтінемін. Бірақ тексеру кезінде лифт жұмыс істеп тұрды. Мен жөндеу жүргізген адамға сендім. Кейбір механиктер не істеп жатқанын көрсетпейді де, мен тіпті бұл істі білмеймін. Мұндай жағдай болады деп ойлаған да жоқпыз.
Қайғылы жағдай сәуір айында 12-мөлтек аудандағы мына көп қабатты үйде болды. Жас келіншек баласымен алтыншы қабаттан төмен түсіп келе жатып, лифт есігіне қыстырылып қалған. Үш жасар қызы сол жерде анасының ажалмен арпалысқанына еріксіз куә болады. Психологиялық шок алған бүлдіршін әлі күнге егіліп жылайтын көрінеді.
Айша Төлемісова, марқұм болған Айзаттың анасы:
Менің баламның өліміне кінәлі адамдар адал жазалансын деймін. Қазіргі жағдайда үш жасар сәби өз анасын «мама» деген сөзді айта алмайтын жағдайға жеткізді. Олар менің қызымның өлімін көрген үш жасар бала анасын қазір сұрамайды.
Бақыт Рахметова, тілші:
Сол оқиғадан кейін бұл үйдегі лифттер жұмысын тоқтатты. Арнайы құрылған комиссия жедел сатылар апатты жағдайда тұрғанын анықтаған. Ал қыршын кеткен Айзат Әбдісаматтың жақындары өз міндеттеріне салғырт қараған жандарды қатаң жазалауды, тіпті бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.
Бақыт РАХМЕТОВА