Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Инвесторлар құқығының сақталуын арнайы мобильді топ қадағалауда

AstanaTV
05.09.2018ж. 20:00
2619
Инвесторлар құқығының сақталуын арнайы мобильді топ қадағалауда

Ал Қызылордада арнайы құрылған мобильді топ бір ай ішінде жеті инвесторға жергілікті шенділердің қолдан жасаған кедергілерін жоюға көмектескен. Оның ішінде «Ақылды қала» жобасын іске асыруға кіріскен "Хуавэй" компаниясы да бар. Әйгілі жергілікті жерде компания әкімшілік кедергілерге тап болған. Қаланың инфрақұрылымы туралы ақпаратты екі ай бойы ала алмаған көрінеді.

Абзал Мухимо, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы:

Ол компанияның сұрап отырғаны электр желісіне қол жетімділік мәселесі, интернетке қол жетімділік және камералар орнатылатын бағаналарды ауыстыру мәселесі.

Сондай-ақ цемент өндіретін зауытын салып жатқан инвестор компания Қытайдан арнайы мамандарды екі айдан бері алдыра алмаған. Мобильді топтың араласуымен мәселе оң шешімін тапты.

Ли Цзиньцин, «Компания Гежуба Шиели цемент» ЖШС бас басқарушысы:

Маусым айында арнайы мамандарды тарту үшін көші-қон қызметіне визалық рұқсат алу құжаттар өткізген болатынбыз. Дегенмен шетелдік мамандарға виза алу мәселесі 1 айдан астам уақытқа созылды. Тек қана Департаменттің тікелей араласуымен бұл мәселе өз шешімін тапты. Қажетті 5 шетелдік маманға визалық құжаттар рәсімделді.