$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбелік жастар мемлекеттік бағдарламалардан бейхабар

AstanaTV
07.09.2018ж. 20:00
3038
Ақтөбелік жастар мемлекеттік бағдарламалардан бейхабар

Ақтөбелік жастар мемлекеттік бағдарламаларды дұрыс білмейді. Қандай да бір жаңашылдыққа қызығушылық танытпайды. Осы орайда "Жас Отан" жастар қанаты мемлекеттік бағдарламаларды жаппай түсіндіруді қолға алды. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттік қызметтер электронды форматта. Цифрлік қолтаңба арқылы анықтамалар алу, баланы бақшаға кезекке қою, салықтық есептер тапсыру барлығы әлдеқайда жеңілдеген. Енді емханаға кезекке тұру, жедел жәрдем шақырудың өзі ұялы телефондағы қосымша арқылы жүзеге асатын болады. Бүгін мемлекеттік мекеме өкілдері осы сынды соңғы жаңалықтары жастарға жеткізуге тырысты.

Асылжан Бүркіталин, «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы:

Біз барынша жастар фоматында өткізіп отырмыз. Яғни трибунаның барлығын алып тастаған болатынбыз. Жаңағы арнайы слайдтар видеороликтер дайындаған болатынбыз. Әр түрлі материалдар қолдана отырып жастарға  барынша қызықты болсын деп отырмыз. Спикерлер де доклад әкелмей, өз тілімен жеңіл түсінікті тілмен жастарға жеткізу үшін.