$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Соғылды соңғы қоңырау!..

AstanaTV
28.05.2016ж. 20:00
1887
Соғылды соңғы қоңырау!..

Соңғы қоңырау мектеппен қоштасудың символдық үлгісі. Себебі түлектер Ұлттық бірыңғай тест тапсырулары керек. Аттестат еліміз бойынша маусымның 17-не беріледі. Айтпақшы, 3 мың түлек  - халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстардың жеңімпаздары, халықаралық мектептер мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері  ҰБТ тапсырудан босатылады.

Енді мынадай деталь -  елдегі жалғыз балалар колониясында да 14 бала үшін соңғы қоңырау соғылды. Алматыдағы ЛА 155/6 түзету мекемесінде 14 пен 18 жас аралығындағылар жазасын өтейді. Бұл жерде «аяқтарын шалыс басқан»  54 жасөспірім бар.
 Көбісінің үлгерімі жоғары. Соның бірі - Хангелді. Бір жыл бұрын төбелеске қатысып, кісі өлімі болған. 10 жылға сотталған...
Хангелді, жазасын өтеуші:
Өзім осы жаққа түскенде юридический оқып жатқанмын осы Алматыда. Соны жалғастырсам деймін. Тек ғана бостандық жетіспейді, әйтпесе бәрі жетеді. Істеген ісіме өкінемін өзім қатты. Кейін алда сондай қателіктерді жасамаймын деп үміттенемін. Жасамауға тырысамын. Ұстаздарға енді рахмет!Бізге көмектескен, алға жетелеп жүрген бәріне рахмет!
Озат болуға тырысатындарының бір себебі - мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға оқу үлгерімінің де әсері бар.
Ертай Шәкенов, ЛА 155/6 түзеу мекемесінің басшысы:
Қазіргі уақытта біз бұларды мерзімінен шартты түрде босатуға жіберген уақытта бұлардың мінезін ғана емес, бұлардың оқу үлгерімін қарап, мінездеме береміз, соттың алдында. 18 жасқа келгеннен кейін сотқа жібереміз. Сот қарап, мысалы, бізде Қылмыстық атқару кодексі бойынша 21 жасқа дейін қалдыруға болады соттың шешімімен.
Мұндағы мұғалімдердің көбі тәжірибелі. Олар мұғалім ғана емес, олар ұстаз және ана...
Людмила Артемьева, ұстаз:
Осында 42 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Олар кәдімгі оқушылар сияқты мектепте оқи алмады, ата-аналарының да тәрбиесі жеткіліксіз болды. Сондықтан мен оларға қолымнан келгенше көмектескім келеді. Адам болған соң, жабырқайтан сәттері болады. Сондай кезде ақыл-кеңес сұрап келеді. Қолымнан келгенше қастарынан табылып, қолдау көрсетуге тырысамын.
Бұл балалар енді мемлекеттік емтихан тапсыруға дайындалмақ. Соның нәтижесіне қарай, орта мектепті тәмамдады деген куәлік алады. Олардың ата-аналары Астана, Алматы, еліміздің әр бұрышындағы басқа ата-аналар сияқты толқып (әдетте бұл күні есеюге асыққан балалар емес, әке-шешелері толқиды), көздеріне іркілген  қуаныш жасын білтіртпей, сүртіп тастай алмады. Өйткені зонадағы тәртіп солай. Ата-аналар кіргізілмейді. Бірақ балалар күнінде ата-аналар үшін колония есігі айқара ашылады. Бір күнге...

Шектеуліден адам үшін ең маңыздысы - еркіндікке ауысайық. Мектеп бітірушілерге қарағанда келетін ой – олар албырт, олар алғыр, оларбатыл, олар сенімді, олар әдемі!

Бейнебаян – «Соңғы қоңырау»

Армандар аласармауы тиіс. «Біздің уақытты» «astanatv.kz» сайтынан көріп, оқи аласыздар. Аман болыңыздар!