Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазықтай Қабдеш 80-ге келді

AstanaTV
28.05.2016ж. 20:00
1809
Қазықтай Қабдеш 80-ге келді

Ұлт әдебиетіндегі мықты жазушылардың бірі, туындылары күшті характерлермен дараланатан ерекше жазушы Қабдеш Жұмаділов сексеннің сеңгіріне шықты. Апта басында Алматы жұрты Қазықтай Қабдешін құттықтады. Сөз өнеріндегі алғашқы қадамы поэзиядан басталып, романға келген  қаламгерді  замандастары «Қара сөздің Қабдеші» десе, ізіндегі інілері «қазақ әдебиетіндегі ерекше ғасырдың соңғы тұяғы»,- деп есептейді.

Жәркен Бөдеш, ақын:

Ол кісі екі сөйлемейтін адам. Бір рет айтады. Сол сөзінен қайтпайды. Мынаның беті жақсы-ау, мынаның мәртебесі жоғары-ау, мынау сондай-ау деп қаймықпайды. Біреудің есігін қағып, маған сөйтіп бір көмек жасаңыз деген адам емес. Өз бетінше қалай ойлайды, солай сөйлейді. Қалай жұмыс істегісі келеді, солай жұмыс істейді. Ешкімнен ақыл сұрамаған адам.  Екі сөйлеу деген Қабдеште жоқ. Бұл қасиеті шығармашылығына кедергі болады-ау, болмаса отбасыма кедергі болады-ау балаларыма кедергі болады-ау деп ойласа да, оған бармады. Қайта шығармашылығының бірбеткей болуы шығармашылығының дамуына тағы да тереңдей жазуына, тағы да қазақтың айтылмай қалған сөзіне себепші болды.