Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркістан облысында атысқа қатысы бар деген күдікпен алты адамға іздеу жарияланды

AstanaTV
10.09.2018ж. 20:00
3647
Түркістан облысында атысқа қатысы бар деген күдікпен алты адамға іздеу жарияланды

Ал Түркістан облысында диқандар атысты. Полицейлер аса ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен алты адамға іздеу жариялады. Шардара ауданында егістік басында болған жанжалға қатысқандар кім екені белгілі. Өткен жұма күні түсауа Достық ауылдық округінде дихандар арасында төбелес болып, соңында тас лақтырып, оқ атуға дейін барған-ды. Салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар екі адамды қамауға алған. Бірі - Шымкент қаласының тұрғыны, одан аңшы мылтығы тәркіленген. Осы қылмысқа қатысты «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалып, тергеу амалдары басталған.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ІІД ресми өкілі:

Диханшылардың арасында клиенттерді бөлісе алмаған. Соның себебінен жанжал басталған. Жанжалдың арты осы адам өліміне алып келген, қару қолданылып кеткен. Ал қаруды тексерген кезде қару ішкі істер органдарының есебінде жоқ болып шықты. -Ол жерде атыс болған деп айта аламыз ба? -Атыс болған. Қазір барлығы тергеу барысында мән-жайы толығымен анықталады, қандай қару қолданылғаны.

Ал атыс салдарынан қаза тапқан азамат жалданып жұмыс істеген, қауын тасып жүрген. Бұл ақпаратты ішкі істер органы растап отыр. 22 жастағы жігіт жоғары оқу орнын биыл ғана аяқтапты. Марқұмның туыстарының айтуынша, қаза тапқан жігіт бір үйдің жалғыз ұлы екен.