Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер үштігі

AstanaTV
11.09.2018ж. 20:00
3213
Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер үштігі

Сұлтанов бүгін соңғы рет Үкімет отырысына қатысып үлгерді. Бұдан былай игерілімеген қаражат бірден кері қайтарылады. Премьер Қаржы министрлігіне осындай пәрмен берді. Өйткені бюджеттің атқарылуы көңіл көншітейді. Жылдың аяқталуына үш ай қалды. Ал министрліктер кемі 10 млрд теңгеге дейін қаржыны әлі ұқсатпапты

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Жаңағы айтқан ұсынысты қолдаймыз. Қазір дайындалып жатқан қайта қарау кезінде, ешкімге қарамай, игерілмеген қаржының бәрін кім сұраныс беріп жатыр, игеріп, жетпей жатқандарға ауыстыру керек.

Көш басында Қорғаныс министрлігі: 15,4 млрд теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігі 10,9 млрд, Мәдениет және спорт министрлігі 11,1 млрд теңге және Ішкі істер министрлігі 9,5 млрд теңге қаржыны әлі жаратып үлгермеген. Ал Сағынтаевтың сауалына бола сасқалақтаған министр Қасымов тіпті өтірікші атанды. 

- Бақытжан Әбдірұлы, мына 4,5 млрд теңге келісімшартта бар, оны қыркүйекке дейін орындаймыз.

- Қыркүйекке дейін дегенде, қыркүйектің ішінде отырмыз ғой, қалай сонда? Бүгін міне 11-і. Кішкене бір өтірік айтқанда да дұрыстап айту керек қой өтірікті.