$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«7-20-25» бойынша ескі үйлерге де ипотека беріле бастады

AstanaTV
11.09.2018ж. 20:00
2830
«7-20-25»  бойынша ескі үйлерге де ипотека беріле бастады

Үй алатындарға жағымды жаңалық. «7-20-25» бағдарламасы бойынша енді ескі үйлерге де ипотека беріле бастайды. Мемлекеттік бағдарламаның бір тармағы «Баспана Хит» деп аталады. Оның үстемақысы 10,75 пайыз мөлшерінде. Бастапқы жарна 20 пайызды құрайды. Несие 15 жылға дейін беріледі. Бір қызығы, пайыздық үстемақысы бағдарма атауындағы 7 пайыздан асып кеткен.

Қайрат Алтынбеков,  «Баспана ИК» АҚ басқарма төрағасы

Сіз бүгін сол бағдарлама бойынша 10,75 пайызбен несие алатын болсаңыз, ол сіздің несиеңіз біткенге дейін өзгермейді бұл ставка. Ол тек қана жаңадан базалық ставка өзгерген жағдайда, тек қана жаңадан алып жатқан несиелерге әсерін тигізеді. 

«7-20-25» басталғалы 2 айдың ішінде 18 млрд теңгеге мың жарым пәтер рәсімделген. "Тұрғын үй нарығының құрылысына 150 млрд теңге бөлуге дайынбыз", - деді Қайрат Алтынбеков. Себебі бағдарлама талаптарына сай тұрғын үйлер тапшы көрінеді. Салдарынан Солтүстік Қазақстан  және Түркістан облыстарында баспана рәсімдеу көрсеткіші өте төмен. Ал Павлодар облысында бірде-бір өтініш түспеген.