Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Әуежайдағы жөңдеу жұмыстарына байланысты 182 рейс кейінге шегерілді

AstanaTV
11.09.2018ж. 20:00
3542
Әуежайдағы жөңдеу жұмыстарына байланысты 182  рейс кейінге шегерілді

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы жөңдеу жұмыстарына байланысты 182  рейс кейінге шегерілді. Оның 44-і халықаралық бағытта, қалғаны ішкі рейстер. Қыркүйектің 10-нан 21-іне дейін әуежай күндізгі уақытта жабық болады. Жөндеу жұмыстары жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі тоғыздан түскі бірге дейін жүргізіледі. Бұл уақытта ұшып-қону жолақтары жабылады. Ал әуежай терминалдары жұмыс істей береді.

Тілеген Әбішев, Н. Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы:

Ұшақтар ұшып-қону жолағына байланысты бұл жерде әуе компаниялары ешқандай шығын шекпейді. Ұшақтарға әуе компаниялары арқылы алдын ала келісім жасалды. Яғни 10-ға дейін ұшып келетін ұшақтар 9-ға дейін келеді. Немесе түске дейін ұшатын ұшақтар 13:00-ден басталады.

Әуе бағыттарының уақыты өзгертілгені туралы ақпаратты билет сатып алған компаниялардан, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін әуежайдың анықтама қызметінен білуге болады.