Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Қарағанды – Теміртау» автобанында жарық пайда болды

AstanaTV
11.09.2018ж. 20:00
3521
«Қарағанды – Теміртау» автобанында жарық пайда болды

«ҚазАвтоЖол» мамандары "Қарағанды-Теміртау" тас жолының не себепті жарылып кеткенін 5 айдан бері анықтай алмай отыр. Көлік магистралін бірнеше рет арнайы комиссия тексергенмен, еш нәтиже шығара алмаған. Ал магистральді салуға республикалық бюджеттен 11 млрд теңге бөлінген. Мамандар енді жол салынған жер қабатын арнайы техникамен тексеретін болды.

Игорь Гафтон, «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары:

Жолдың негізгі және қосалқы қабаттары мен жатқан жердің топырағы да тексерілді. Барлығы қалыпты деңгейде болып шықты. Сондықтан сұраққа нақты жауап алу үшін бейсенбі күні жерді сканерлейтін «Георадар» деп аталатын арнайы техника әкеліп тексереміз.

Жолға жауаптылардың айтуынша, аталған техника жер қабатын 1 жарым метр тереңдікке дейін сканерлей алады. Ал жарылған жолдың ұзындығы 5 жарым шақырым аумақты құрайды. Барлығы 15 шақырым тас жолдың басқа аумақтары бүлінбеген. Бетон 2017 жылы маусым айының ортасынан қазан айына дейін төселген. Кінәрат биыл мамыр айында байқалды. Жолды тексеру мен қайта жөндеу жұмыстарын мердігер компания өз мойнына алады. Көлік магистралі 2019 жылы толық пайдалануға берілуі тиіс.