Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Нұр Отан» партиясы үйі өртенген отбасыға гуманитарлық көмек көрсетті

AstanaTV
11.09.2018ж. 20:00
2564
«Нұр Отан» партиясы үйі өртенген отбасыға гуманитарлық көмек көрсетті

Қостанайда үйі өртенген отбасыға гуманитарлық көмек көрсетілді. Игі шара «Нұр Отан» партиясының «Отбасын қолдау апталығы» шеңберінде ұйымдастырылған. Вадимнің баспанасы тамыз айында отқа оранып, қабырғасы мен шатыры ғана қалған. Тілсіз жау дүние-мүлік, киім-кешекті түгел шарпып өткен. Төрт баласымен далада қалған жандарға қала тұрғындары жанашырлық танытып, қолдан келгенше көмектесті. Еріктілер үйді қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастаған. Жас отбасыға билік партиясының облыстық филиалы да көмек қолын созды. Мәслихат депутаты Айтжан Есенгелдиновтің демеушілігімен жарты тоннаға жуық азық-түлік жеткізілді. Партияның өзге де өкілдері өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын.

Жаңабай  Бисимбаев, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Бұл отбасыға кез-келген көмек керек. Әсіресе құрылыс материалдары жетіспей жатыр. Біздің өзге де депутаттар осы отбасының мекенжайын сұрастырып, байланыс телефондарын жазып алды. Олар да көмектеспек.

Вадим Батт:

«Нұр Отан» партиясына көп рақмет. Қиын сәтте қолдау білдіріп, азық-түлік алып келді. Қандай да бір көмек қажет болса, хабарласыңдар деді.