Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елімізде электронды такси қызметтері заңдастырылады

AstanaTV
12.09.2018ж. 20:00
2786
Елімізде электронды такси қызметтері заңдастырылады

Елімізде электронды таски қызметтері заңдастырылады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде арнайы заң жобасын таныстыру кезінде көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев  айтты.  Нәтижесінде көлеңкеде кәсібін дөңгелетіп жүрген 50 мың жасырын тасымалдаушының қызметі бақылауға алынады. Uber, InDriver мен Яндекс Такси сынды мобильді қосымшалар  бойынша емін-еркін адам тасып жүрген көліктердің техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін тексеріп жатқан ешкім жоқ, - деді депутаттар. Айта өтейік бұған дейін министрлік аталған компаниялармен келіссөз жүргізіп, көлік жүргізушілерімен келісімшартқа отыруды талап еткен. Бірақ қазіргі заңнама бойынша такси-моторлық қызметті көрсету үшін ескерту xат берілумен шектеледі.

Әсет Асаубаев, ҚР ИДМ көлік комитетінің төрағасы:

Бұл қызмет көрсетушілер интернет арқылы тек қана заңды түрде қызмет көрсетуге тиісті хабарламаны әкімшілікке жіберген, тиісті медициналық тексеруден өтетін, техникалық тексерістен өткен жүргізушілермен келісімшартқа отырған, егер біз InDriver қызметін таңдаған кезде, сол талапқа сай заңды жүргізу болса болды.