Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Азаматтардың салымдары мен жинақ ақысы тарифке байланысты индекстелуі тиіс - А.Қоңыров

AstanaTV
12.09.2018ж. 20:00
2354
Азаматтардың салымдары мен жинақ ақысы тарифке байланысты индекстелуі тиіс - А.Қоңыров

Теңгенің әлсіреуіне байланысты мемлекет тұрғындардың зейнетақысы мен жеке жинақтарын қорғауды және құнын жоғалтпай сақтауын қамтамасыз етуі тиіс. Доллар бағамының өзгеруіне орай оған индексация жасалуы керек. «Халықтық коммунистер» фракциясының депутаты Айқын Қоңыров бүгін Ұлттық банкке осылай деп сауал жолдады. Реттеушінің жағдайға бей-жай қарауы дұрыс емес. Тұрғындардың табысы бірқалыпты. Олар долардың өсуіне материалдық тұрғыда дайын емес, дейді. Депутат, Ұлттық банк бағамды бағындыра аламаса, тым құрығанда зейнетақы жинақтары мен депозиттердің құнын жоғалтпауына кепілдік беру тиіс екенін айтты.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі:

Бұл валюталық кепілдіктер арқылы жасалуы мүмкін - индексация. Ол халықтың жинақ ақшаларын үнемдеуге, ұлттық валютаға, тұтастай алғанда экономикаға деген сенімін арттырады.

Депутат ол үшін қаражытты мұнайдан түскен ақшадан алуды ұсынады. Оның есебінше, салаға әр баррельден 30 400 теңге түседі. Жылдық экспорт  көлемі трлн теңгеге дейін табыс әкеледі. Бағам айырмашылығын осы ақшаға жапқан әділ. Бұдан "қара алтын" экспортаушылар кедейленіп қалмас дейді.