Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Валюта бағамының өзгеруінен зейнетақы мен депозит салымдарына индекстеу жасалмайды

AstanaTV
13.09.2018ж. 20:00
2021
Валюта бағамының өзгеруінен зейнетақы мен депозит салымдарына индекстеу жасалмайды

Доллар бағамының шарықтауына байланысты зейнетақы мен депозит салымдарына индекстеу жасалмайды. Мәжіліс қабырғасында сұқбат берген Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осылай деді. Бұған дейін депутат Айқын Қоңыров доллар бағамының өсуіне байланысты зейнетақы мен депозиттер салымына айырма төленуі тиіс деген ұсыныс айтқан еді.  Министр индекстеу тек инфляция деңгейіне байланысты ғана төленетінін айтты. Ал валюта бағамының құбылуына орай айырма төлеу орынсыз деп санайды.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Валюта бағамына индексация жасау қарастырылмаған. Біз инфляцияға қараймыз. Валюта бағамдарының құбылуы индексация жасауға түрткі бола алмайды. Тұтыну бағасының индексі бойынша есептеледі. Зейнетақы ғана емес, депозиттер бойынша да солай. Инфляцияны индекстеуге кепілдік бар. Қосымша тағы бір нәрсе енгізу орынсыз болады.

Ал үш жылдық бюджет жобасына 33 трлн теңге салынбақ. Оның 15 жарымы әлеуметтік салаға жұмсалады. Келер жылдан бастап зейнетақы төлемі ең кемі 36 мың, орташа 86 мың теңгені құрамақ.