$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте қалта ұрлығын кәсіп қылғандар сотталды

AstanaTV
13.09.2018ж. 20:00
2370
Шымкентте қалта ұрлығын кәсіп қылғандар сотталды

Ал Шымкентте "сиқыршы" ұрыларға сот үкімі шықты. 4 әйел көпшілік орындарда 54 адамның қалтасын қаққан деген дерек бар. Айыпталушылар бірі 7 жылға темір торға қамалмақ, қалған үшеуі 5 жыл 2 ай мерзім арқалады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі қомақты. Ақшасынан айрылғандардың дені ұрыларға қалай жем болғанын байқамай да қалғандарын айтты. Олардың ойынша, сотталушылардың сиқырлап, яғни гипноздап тастайтын қасиеттері бар. Тіпті бірі ауру баласын емдетуге деп ломбардтан алып шыққан 243 мың теңгесінен айрылып, сан соғып қалғанын айтып, сот залында шырылдады. Алайда арызданушылардың бәрінің талап-тілегі қанағаттандырылмады. Сотта тек 23 эпизод бойынша ғана ұрылардың кінәсі дәлелденді.

Қанат Мылтықбаев, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы:

Бұл кісілер, жалпы айтқанда, 31 көрініс бойынша, эпизод бойынша, былайша айтқанда, кінәсіз деп танылды. Басқа дәлелденген қылмыс құрамдары бойынша кінәлі деп танылды. Сіздер үкіммен келіспеген жағдайда 15 тәулік ішінде шағым бере аласыздар. Сіздердің құқықтарыңыз бар талап арыз беру.