Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Полигонда жарақат алған әскерилер үйлеріне шығарыла бастады

AstanaTV
14.09.2018ж. 20:00
3119
Полигонда жарақат алған әскерилер үйлеріне шығарыла бастады

Алматы облысында снаряд жарылып, жарақат алған жауынгерлер үйге шығарыла бастады. Қазіргі уақытта әскери госпиталде бес сарбаз ғана қалды. Олардың денсаулығы бірқалыпты. Зардап шеккен сарбаздар тездетіп қатараға қосылу үшін, Қарулы Күштер есебінен шипажайға емдеуге жіберіледі.

Сәулет Қалдашев, ҚР Қарулы Күштері Бас әскери медициналық басқармасының аға офицері:

Қазіргі таңда осы 9 жарақаттанушы әскери қызметкердің төртеуі денсаулық жағдайларының жақсаруына байланысты 15 күн әскери қызметтен босату арқылы үйлеріне шығарылды. Қалған бесеуі станционарлық ем алуды жалғастыруда.

Еске салайық, оқыс оқиға 14-тамыз күні «Қазақстан» әскери полигонында болған еді. Снаряд жарылып, келісімшартпен қызмет істеп жүрген 6 жауынгер мен 3 сарбаз, түрлі дене жарақаттарын алған болатын. Есін бірінші болып жиған кіші сержант Мадияр Ахметов өз жарақатына қарамастан "Камаз" көлігін тізгіндеп, 3 шақырым жердегі әріптестеріне дер кезінде хабар жеткізген. Қазір оқиғаның мән жайын арнайы комиссия тексеру үстінде.