Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артты

AstanaTV
18.09.2018ж. 20:00
3656
Мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артты

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көбеймек. Ол үшін арнайы заң қайта қаралып, толықтырулар енгізілетін болады. Бұл туралы Сенаттағы алқалы отырыста айтылды. Министр жыл сайын мүгедек жандардың қатары көбейіп бара жатқанын айтты. Биылдың өзінде 50 мыңға жуық қазақстандық мүмкіндігі шектеулі жан ретінде тізімге енген.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Бүгінгі күні Қазақстанда 670 мың мүгедек тұрып жатыр. Оның ішінде 61,9 пайызы еңбекке қабілетті жаста, 25,4 пайызы зейнеткерлік жастағы адамдар.12,7 пайызы он сегіз жасқа дейінгі балалар.

Биыл бюджеттен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек ретінде 302 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бірақ депутаттар оларға толық жағдай жасалмай отырғанын айтып, олқылықтарды жіпке тізді.

Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Осындай жағдайлар көп. Мысалға, ұшақпен ұшқанда амбулаториялық лифт деген бар. Ол қарастырылған заңда, ол стандартта да қарастырылған. Бірақ оны кейбір  «Bek air», «Scat» сияқты компаниялар қолданбайды.