Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Келер жылы 4 мыңға жуық студент жаңа жатақханамен қамтылады

AstanaTV
18.09.2018ж. 20:00
2021
Келер жылы 4 мыңға жуық студент жаңа жатақханамен қамтылады

Атырау облысының оқушылары күрделі жөндеу жүріп жатқан мектепте білім алуға мәжбүр. Құрманғазы ауданы Хиуаз ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушыларының жаңа оқу жылын жаңарған мектепте қарсы аламыз деген үміті ақталмады. Өйткені күрделі жөндеу тек шілденің аяғына таман бастаған. Мердігер мекеменің сылбыр жұмысын облыстық әкімдік бақылауда ұстап отыр.

Пайдалануға берілгеніне 30 жылға таяған Ыбырай Алтынсарин  атындағы орта мектебі бұған дейін бір рет те күрделі жөндеу көрмеген. Сондықтан қыруар қаржы бөлінгенін естігенде ұстаздар қауымы мен оқушылар қуанышында шек болмапты. Жаңа оқу жылын жаңарған мектепте қарсы аламыз деген үміттер ақталмады. Қазір оқушылар күрделі жөндеу жүріп жатқан мектептің 1-інші қабатында оқып жатыр.  Құрылыс жұмыстары кеш басталған соң төменгі қабаттың қабырға сылақтарын қыруға директордың өзі қарсы болыпты.

Болатбек Сайыпов, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры:

Жоғары екі этажды бастады. Үлгермегендіктен 1 этажда оқып жатырмыз. Біз бірнеше рет ескерттік, мердігерге хат жолдадық. Ол толықтай үлгере алмайды. Ішкі жұмыстары бітірсе сол деп отырмыз. Сыртқы жұмыстары бар тағы да.

Ал бастауыш сынып оқушылары балабақша ғимаратында үш ауысыммен білім алып жатыр. Ал мектепке дейінгі тәрбиеленушілер уақытша музыкалық мектепке орналасқан. Күрделі жөндеу жұмысын Түркістан облысының  «Экспресстрой» компаниясы жүргізуде. 201 млн теңгеге мектептің іші-сыртын, жылу жүйесі мен шатырын толықтай жаңартпақ. Жергілікті билік  оқу процесіне еш кедергі жоқтығын, құрылыстың уақытында аяқталатынын айтып отыр.

Қайырғали Кенжеғалиев, Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы:

Қазан айының 4-інде аяқталу керек. Қазіргі кезде осы мектептің 609 оқушысы осы аудандағы балабақшада, музыкалық мектептер ғимаратында оқу процестері ұйымдастырылған. Оқу процесін ұйымдастыруға ешқандай қиыншылықтар жоқ. Жоспарға сәйкес сабақ процестері жүріп жатыр.

Айта кетейік, биыл  Атырау облысына 2 жаңа мектеп  пайдалануға берілді. Жыл аяғына  дейін тағы 5 жаңа мектеппен толықпақ. Оның екеуі осы Құрманғазы ауданында орналасқан.