$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі оралдық балалар арасында қолөнер байқауы өткізілді

AstanaTV
19.09.2018ж. 20:00
5795
«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі оралдық балалар арасында қолөнер байқауы өткізілді

"Астана менің көзіммен!" Мүмкіндігі шектеулі оралдық балғындар арасында осындай атаумен қолөнер байқауы ұйымдастырылды. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылған шара Астананың 20 жылдығына арналған. Елорданың туған күніне Оралдағы 4 мектептің 30-ға тарта тәрбиеленушісі 50 шақты жұмысын тарту еткен. Туындылар сурет, қолөнер және кесте тігу бойынша сараланды. Биылғы шараның тағы бір ерекшелігі - жақын ауылдардан үміткерлер қатысуда. Ал үздік жұмыстар республикалық байқауға жолдама алады. Жалпы өңірде 3 мыңға тарта мүгедек бала бар.

Архат Исламғали, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы саяси жұмыс бөлімінің консультанты:

Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы біздің облысымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарды әрдайым назардан тыс қалдырмайды. Олар үлкен ересектер болсын немесе мектеп жасындағы балалар болсын, әрдайым қолдауларын көрсетіп, қоғамға етене араласуына мүмкіндік жасап отырады. Қоғамда жақсы сезінуіне, артта қалып қоймауына, психологиялық тұрғыдан дамуына әсер тигіземіз деген ниеттеміз. Сол мақсатта көптеген жұмыстар жасап жатырмыз.