Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Денис Тенді өлтірді деп күдікке ілінгендерге қарсы бұлтартпау мерзімі ұзартылды

AstanaTV
19.09.2018ж. 20:00
2505
Денис Тенді өлтірді деп күдікке ілінгендерге қарсы бұлтартпау мерзімі ұзартылды

Алматы ауданаралық тергеу соты "Денис Тенді өлтірді" деп айыпталған күдіктілерді қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты. Күдіктілер Арман Құдайбергенов пен Нұрлан Қиясов және олардың сыбайласы болуы мүмкін деп танылған Жанар Толыбаеваға қатысты тергеудің аяқталып қалғанын жақында Ішкі істер министрі мәлімдеген болатын. Алайда қалалық ішкі істер департаменті тағы да бір ай мерзім сұрапты. Күдіктілер 23 қазанға дейін уақытша тергеу изоляторында отырады. Бұл жайында қалалық сот хабарлайды.

Диас Махамбетов, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

Қалалық ауданаралық тергеу сотына 11 қыркүйекте арнайы талап арыз келіп түсті. Онда күдіктілер Құдайбергенов, Қиясов және Толыбаеваға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш айтылған. Яғни үш айға дейін ұзарту, ол мерзім 23 қазанға келіп тұр.

Еске салсақ, белгілі спортшы Денис Тен биыл Алматының қақ ортасында пышақ жарақатынан қаза болған еді. Көп ұзамай сезік тудырғандар қамауға алынды. Олардың екеуіне "ұрлық", "қарақшылық шабуыл" және "адам өлтірді" деген айыптар тағылды. Артынша қылмысты көпекөрнеу жасырды деген күдікпен Жанар Толыбаева да қамалған болатын. 

Асқарбекұлы Р.