$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Агросекторды сауықтыру мен "Цеснабанкті" тұрақтандыру механизмі бекітілді

AstanaTV
20.09.2018ж. 20:00
1977
Агросекторды сауықтыру мен "Цеснабанкті" тұрақтандыру механизмі бекітілді

Агросекторды сауықтыру мен "Цеснабанкті" тұрақтандыру механизмі бекітілді. Мұны Ұлттық банк хабарлады. Бұған дейін Үкімет пен Ұлттық банк "Цеснабанктен" 450 миллиард теңгелік ауыл шаруашылығы несиелерінің портфелін сатып алатыны белгілі болды. Бұл қаражат ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің несиесін теңгеге ауыстырып, мерзімін ұзарту үшін жұмсалады. "Цеснабанк" пен "ҚазАгро" холдингі оны іске асырудың тетігін тапқан. Айта кетейік, «Цеснабанк» «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға белсенді атсалысқан. Банк үлесіне саланы несиелендірудің 65%-дан астамы тиесілі. Ал банк акционерлерінің қанша қаражатты қашан құятыны да нақтыланған. Алайда, Ұлттық банк бұл туралы мәліметті жариялаған жоқ.