$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елде тек 5,9 миллион ғана салымшы ай сайын тапқан табысының 10 пайызын төлеп тұрады

AstanaTV
20.09.2018ж. 20:00
2944
Елде тек 5,9 миллион ғана салымшы ай сайын тапқан табысының 10 пайызын төлеп тұрады

Ал Зейнетақы қоры толықты. Өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен келісім-шарт арқылы жұмыс істейтіндер зейнетақы қорына 1 миллиард теңге аударған. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Астанадағы басшысы айтты. Айта кетейік, шілдеде штаттан тыс жұмыс істейтін қызметкерлерге 10 пайыздық төлем жасау заңмен мінделеттелді. Алайда қор өкілі сол аралықта қанша қаражат түскенін нақтыламады.  

Мұрат Шәріпов, Астана қаласындағы бірыңғай  жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры:

Әр азамат өзінің счетына ақшасын төлеуін бастады. Көп азаматтар, өзінің бұрын зейнетақыдағы шоттарын қадағалмағандар, біздің кеңесімізден кейін қадағалап, шоттарына ақша салуын бастады. Жаңа айтып кеттім ғой, жүргізілген кеңес жұмыстардың арқасында 1 млрд теңге түсті. Бұл деген өте қомақты сомма.

Қазір 10 миллионға жуық салымшының зейнетақы қорында жеке есепшоты бар. Солардың тек 5,9 яғни, шамамен жартысы ғана ай сайын жалақыларының 10 пайызын қорға аударады. Бүгінде жинақ соммасы 8,8 триллионды құрайды. Инвестициялық табыс 7,3 пайызды құраған.

Какимжан С.