Венесуэла билігі Қытайға бір күнде жеткізетін мұнай көрсеткішін 1 млн баррельге жеткізбек. Бұл туралы Венесуэла президенті Николас Мадуро Пекинге жасаған сапарынан кейін мәлімдеді. Ол үшін өндірісті екі есе өсіру қажет.
Президенттің жоспары бойынша, бұл нәтиже бір жылдың
көлемінде мүмкін болмақ. Жергілікті БАҚ өкілдерінің айтуына қарағанда, Елбасы
Қытайға 1 күнде 1 млн баррельді 5 жыл көлемінде жіберіп отыруға уәде еткен.
Осылайша, Каракас өзінің тұрақты сатып алушысын тауып отыр. Сонымен қатар,
Мадуро мұнай өндіруге арналған Қытаймен
ортақ кәсіпорынның 10% акциясын қытайлық CNPC-ге сатылғанын растады.