Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Бақыт Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының елордалық филиалының төрағасы болып сайланды

Бақыт Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының елордалық филиалының төрағасы болып сайланды

Бақыт Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының елордалық филиалының төрағасы болып сайланды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев таяуда тағайындалған Астана әкімін  құттықтап, жаңа жұмыста табыстар тіледі.

Сондай-ақ, партия филиалының 26-шы конференциясында қатысушылар Президенттің бес әлеуметтік бастамасы мен партиялық жобалардың іске асу барысын талқылады. Мәулен Әшімбаев "Цифрлы Қазақстан", "Рухани жаңғыру" бағдарламаларына үлес қосу мақсатында қолға алынған ІТ-сынып, ІТ-орталық, «Мектеп асханалары мен спорт алаңдарын жаңғырту» жобаларына ерекше назар аударды. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының бастамасымен Астанада IT-сынаптар ашу және кітапханаларды заманға сай білім орталықтарына айналдыру жобалары қарқынды түрде жүзеге асып жатыр.  

Сапарқызы Д.