Негізгі / Жаңалықтар / Алматыдағы Қарасу ықшам ауданы тұрғындары жақын уақытта тұтынып жүрген суларынан айырылып қалуымыз мүмкін деп дабыл қақты

Алматыдағы Қарасу ықшам ауданы тұрғындары жақын уақытта тұтынып жүрген суларынан айырылып қалуымыз мүмкін деп дабыл қақты

Ауызсудың қадірі. Алматыдағы Қарасу ықшам ауданы тұрғындары жақын уақытта тұтынып жүрген суларынан айырылып қалуымыз мүмкін деп дабыл қақты. Оған себеп -  қоқыс тазалау мен  су беру қызметінің екі бірдей компанияға бөлінуі дейді. Бұған дейін бұл қызметтер тек бір ғана кәсіпорын мойнында болған. Мәселені Олжас Нұржақып анықтап көрді.   

У вас воды не будет.  А почему не будет, воду бог дает, а не вы...

Қоқыс тазалау қызметін енді компания мойнына алып отыр. Тұрғындар осыған алаңдаулы. Себебі бұған дейін қос қызметті бірдей атқарып жүрген Қарасу компаниясы қосымша табыстан айырылсақ не су бағасы өседі, не шығынды жаба алмай суды тоқтатамыз деп ескерткен.  Салдарынан бүгін қара халық кәсіпорын алдына жиылып отыр. Талаптары-бағаны мүлде өсірмеу.

Әнипа Елшібаева, Алматы қаласының тұрғыны:

Алатын болса бір адам алып, бағасы сол беті қалу керек. Әйтпесе, бағасын көбейтсе біз төлей алмай қаламыз. Су деген әр жерден ағады. Шіріп кеткен. Сол үшін өшіреді суды. Энергияны экономить етеміз деп түнде өшіреді. Түнде. Бізге түнде де су керек болады ғой.

Ықшам ауданы тұрғындары ұңғыма арқылы жер астынан келетін суға тәуелді. Ал ол қондырғылар жеке меншік иесінің қолында.

Қайрат Молдахметов, Алматы қаласының тұрғыны:

Қоқысты алады дейді. Суды алмайды дейді. Оны бәрі де түсінеді. Барлығы қазір кәсіпкерлер пайдасын ғана іздейді. Халықтың қамын ойлап жатқан ешкім де жоқ.

Ал «Қарасу» серіктестігі дәл осындай жағдай 5 жыл бұрын да болғанын айтады. Бірақ ол кезде аудан жұртшылығын ауызсудан айырмас үшін сот, компанияны қайта қалпына келтіру қажет деген үкім кескен. Енді тағы қайталанып жатыр деді.

Ғалия Надырова, «Қарасу» ЖШС директоры:

Мысалға ай сайын ауызсудан 1 миллионнан аса табыс келсе, оған тұтынған электр энергиясы мен қызметкерлер еңбекақысы,басқа да жұмыстар үшін 2 жарым миллион теңгеден аса ақша төлейміз. Осы жыртығымызды қоқыс тазалығынан түскен қаржы жауып отырған. Енді бұл қызметтен айырылғалы не істерімізді білмей қалдық. Амал жоқ, тариф бағасын көтереміз.

Ал жергілікті билік халықтың бұлайша алаңдауына негіз жоқ деп отыр. Себебі жеке кәсіпорынмен жыл аяғына дейін келісім бар екенін айтты. 

Ертіс Бесіров, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы:

Ауызсуды беру тоқтатылмайды. Өйткені әкімшілік тарапынан сумен қамтамасыз етіп отырған мекемемен келіссөөздер жүргізіліп жатыр. Жылдың аяғына шейін ешқандай су өшіру, тоқтату мәселесі болмайды.

Әкімдік өкілі келесі жылы аудан толықтай орталықтандырылған ауызсу құбырына қосылмақ. Жыл басында қаржы бөлінсе, алғашқы жұмыстарды бастамақ.

Нұржақып О.