$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Көмір жабдықтау кестесінің ауытқуына байланысты ШҚО бас энергетигі қатаң сөгіс алды

AstanaTV
21.09.2018ж. 20:00
3162
Көмір жабдықтау кестесінің ауытқуына байланысты ШҚО бас энергетигі қатаң сөгіс алды

Көмірмен қамтамасыз ету кезінде жіберген олқылықтары үшін Шығыс Қазақстан облысының энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаевқа қатаң сөгіс жарияланды.   "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысында облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтанов  қара отынмен қамту ісінде басқарма ауытқуларға жол бергенін айтты. Өткен аптада Зеренді, Зайсан, Шемонайха, Катон-Қарағай, Күршім және Көкпекті аудандары қажет отынның тек 30 пайызымен ғана қамтылған.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Өзінің лауазымдық міндеттері мен жылыту маусымына дайындықты тиісті деңгейде орындамағаны, сондай-ақ, бюджеттік мекемелер мен тұрғындарға көмірді уақытында жеткізбегені үшін энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысына қатаң сөгіс жариялансын. Бесқарағай ауданының әкімі білім беру нысандарын көмірмен қамту тек 28 пайызды құрады десе, басқарма 98 пайыз деп есеп берді. Мен әкімнің сөзіне сенемін.

Төребекқызы А.