$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Қарағанды облысы аумағында 80 көлік қар құрсауында тұр

AstanaTV
30.12.2015ж. 20:00
1197
Қарағанды облысы аумағында 80 көлік қар құрсауында тұр

Қарағанды облысының Спасск ауданында 80 көлік әлі де қар құрсауында тұр. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, ауа-райының қолайсыздығынан жолды қардан аршып, көліктерді босату мүмкін болмай отыр.

Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың дерегіне сай, Жамбыл облысының үш ауданымен көлік қатынасы үзілген. Қарағанды маңындағы тас жолдың өткізу пунктінде 1083 техника, оның ішінде 908 жүк көлігі тұр. 29 желтоқсан күні Қарағандыдан Алматы қаласына көлікпен шыққан 740 азамат кері қайтарылды. Құтқарушылар соңғы бес күн ішінде еліміз бойынша 526 адамды қар құрсауынан босатқан. 2273 адам эвакуацияланды.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі:

Күні кеше ғана 19:50-де Жуалы ауданында Ертай селосынан аудандық орталыққа Бауыржан Момышұлы селосына екі қабат келіншек эвакуацияланды. Тура осындай мәселе ШҚО орын тапты. Ол жақта бес адам эвакуацияланды, ол бес адамның ішінен екеуі бала, біреуі аяғы ауыр келіншек.

Жүкті әйелдер ауруханаға жеткізілген. Қазір дәрігерлердің қарауында. Ал Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бойынша барлық көлік түрлеріне жол жабық. Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды жолға шыққанда абай болуға шақырады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ