$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Виктор Янукович: Соғыс пен зорлық-зомбылық ел түбіне жетеді

AstanaTV
21.01.2014ж. 13:00
1384
Виктор Янукович: Соғыс пен зорлық-зомбылық ел түбіне жетеді

Соғыс пен зорлық-зомбылық елдің түбіне жетеді. Халыққа үндеу жолдаған Украина президенті Виктор Янукович осындай мәлімдеме жасады. Бүгін президент Киев орталығындағы қантөгістен кейін бірінші рет көпшілік алдына шықты.

Ел басшысы халықты мемлекет ішінде алауыздық тудырып жүрген арандатушыларға ермеуге шақырды. Президент пайымынша, наразылық акциясымен басталған бас көтерудің жаппай қырқысқа ұласуы ел тыныштығы үшін үлкен қауіп.

Ал Еуроодақ Украинадан елдің наразылығын тудырған заң жобаларынан бас тартуын сұрап отыр. Өз кезегінде, оппозициялық "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличко Киевтегі алаңда ойран салып, ғимараттарды қиратуда арандатушы топтың қатысы барын жасырмады.

В
иктор Янукович, Украина президенті:

Дамыған елдің есті азаматтары ретінде сіздерге айтар уәжім бар!
Ел ішіндегі қырқыс пен жаппай тәртіпсіздік Украина қоғамы үшін өте қауіпті екенін естен шығармаңыздар. Сондықтан, ортақ бітімге келіп, келіссөз жүргізуді ұсынамын. Украина халқына, елдің парасаттылығына сенемін.

Әлия ӘШІМ