$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Ақтөбе жаңа оқу жылын тағы да оқулықсыз бастамақ

AstanaTV
09.07.2015ж. 20:00
1164
Ақтөбе жаңа оқу жылын тағы да оқулықсыз бастамақ

Ақтөбе оқушылары жаңа оқу жылын оқулықсыз бастайтын түрі бар. Жергілікті билік мектепке қажетті кітап-құралға бюджеттен бөлінген қаражат тек әлеуметтік топ қатарындағы отбасы оқушыларын қамтуға ғана жететінін мәлімдеді. Басқа оқушылардың ата-аналарына, әдеттегідей, өз есебінен кітап сатып алуға тура келеді.

Оқулық сатып алуға облыстық мәслихат депутаттары 181 млн 500 мың теңге қаражат бөлген. Оның 155 млн 500 мыңы аудандардағы мектептерге бағытталған. Қалған 26 млн теңге облыстық деңгейлі лицейлердің еншісінде. 

Гүлмира Сағиданова, Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары:

Ақтөбе қаласы бойынша оқулық алуға қосымша қаражат қажет. Қазір біз тағы да әлеуметтік аз қамтылған көп балалы отбасылары, жетім балалардың арасында мониторинг жүргізіп, іріктеудеміз. Соларды бірінші кезекте қамтамасыз етуге тырысамыз. Ал ата-аналар өз балаларына оқулықтарды сатып алып береміз десе, біз қарсы бола алмаймыз.

Мансұр ЕСХОЖИН