Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қырғызстандағы сайлау нәтижесі бойынша 6 партия парламентке өтті

AstanaTV
05.10.2015ж. 20:00
1545
Қырғызстандағы сайлау нәтижесі бойынша 6 партия парламентке өтті

Ал Қырғызстанда Жогорку Кенеш сайлауы мәреге жетті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сай, 14 партияның алтауы 7 пайыздық межеден сәтті өткен. Президент Алмазбек Атамбаев басқаратын социал-демократиялық партия алға суырылып шықты. Көрші елдегі көп партиялы парламенттің жұмысы жайында алдағы бейнематериалда.

Жогорку Кенеш ғимаратында әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ. Алайда алдағы күндері депутаттар саны артып, жұмыс қарқын ала түседі деп күтілуде.

Туйгунаалы Абдрайымов, Қырғызстан ОСК төрағасы:

Сайлау қорытындысы бойынша бірінші орында 27% дауыспен Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы. «Республика - Ата-журт партиясы» 20% дауыс жинады. Ал үшінші орында - Қырғызстан партиясы. Оны сайлаушылардың 12% қолдаған.

Бұл сайлау Қырғызстан тарихында «ең әділ» деген баға алып үлгерді. Өйткені алғаш рет биометриялық мәліметке сүйеніп, яғни саусақ таңбасы арқылы дауыс берілген. Сайлауға халықтың 60 пайызы қатысты.

Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті: 

Сайлау әділ өтуі шарт. Халық өздері қалай таңдау жасаса, болашақтары да сондай болатынын түсінуі керек.

Бұл жолы социал-демократтардан билеуші коалиция құрылады деген үміт бар. Тек ол үшін социал-демократтар өзге партиялармен ымыраға келуі  шарт. Бұл процесстің қалай жүзеге асары әлі беймәлім. Тұрғындар үшін ең бастысы - партия мүшелері берген уәдесін орындаса болғаны.

Хотя бы 70-80% того, чего они обещают, надеемся, выполнят.

Сарапшылар Қырғызстан 2010 жылдың қайғылы оқиғаларынан сабақ алды деген пікірде. Сайлауға аз уақыт қалғанда, көптеген партиялар қатарын тазартты. Мәселен, парламентке өткен Қырғызстан партиясының көшбасшысы Канатбек Исаев тікелей эфир арқылы қылмыс әлеміне қатысы жоқтығын жариялады. Экстремизмге қолдау көрсеткендер де партиядан аластатылды. Айта кетейік, ресми Бішкек Ресейдің Сириядағы содырларға қарсы әуеден соққы жасауына қолдау білдірді.

Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті: 

ДАИШ пен күрес Қырғызстан үшін маңызды. Бұл ретте Ресейдің террористерге әуе соққысын жасау әрекетін қолдаймыз. 

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының жұмысын мыңнан астам жергілікті және 600-дей халықаралық байқаушы қадағалады. Олар айтарлықтай заң бұзушылықтарды таппады. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА 


Алдыңғы жаңалық