Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Тобыл өңіріндегі Ресеймен шекаралас аймақтарға шегірткеден қауіп төніп тұр

AstanaTV
09.07.2015ж. 20:00
1626
Тобыл өңіріндегі Ресеймен шекаралас аймақтарға шегірткеден қауіп төніп тұр

Қостанай облысының алқаптарына шегірткеден қауіп төніп тұр. Мамандардың айтуынша, Тобыл өңіріне шүйліккен зиянкестер Ресейдің шекаралас жатқан Орынбор жағынан ауып келуі мүмкін.

Аймақ диқандары химиялық өңдеу шараларын қарқынды жүргізіп жатыр. Үстіміздегі жылы 1 миллион 500 мыңнан астам алқапқа улау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Қазіргі таңда соның тең жартысы атқарылған. Ал, аумақтық инспекция өкілдері Ресейдің Орынбор облысына барып зерттеу жұмыстарын жасап қайтыпты. Мамандар, көрші мемлекет аумағында жаппай белең алған зиянкес жәндіктердің Қазақстан жаққа ауып келуі әбден мүмкін, дейді. Сондықтан іргелес жатқан Жітіқара, Қамысты аудандарын жіті бақылауға алған. Өйткені зиянкестердің осы қос аудан арқылы елімізге таралу қаупі бар. Шепті бұзған шегірткеге тойтарыс беру үшін, шекара аумағында өңдеу шаралары толықтай жүргізіліпті. Қауіптің бетін қайтаруға арнайы техникалар да сақадай - сай тұрған көрінеді. 

Дархан Әбдікәрімов, Қостанай облысы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

Шекараны тазалап қойдық. Енді біздің қаупіміз күтіп отырған сол жаңағы Орынбор облысы. Былтырғы жылдармен салыстырғанда, мысалы, ұшып келеді де, Жітіқара, Қамысты арқылы облыстың басқа жерлеріне таралып кетеді. Енді біз сол техникаларды шоғырландырып қойдық қазір сол шекраның бойында. 14 техника қойып отырмыз. Оның ішінде 1 самолет, 4 дельтаплан, қалғандары жерде жүріп жұмыс істейтін техника - аэрозольды генератор дейміз.

Заңғар САНАЙ