Астанада
кәсіпкер Олжас Мұқажановқа оқ атты деп айыпталған үшеуге қатысты сот үкімі
шықты. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот Елдос
Дәуітов пен Камиль Ибишевті 13 жылға, Мұрат Садыровты 14 жылға бас
бостандығынан айырды. Сотталушылар жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Ербол
Рахымбеков, Астана қалалық мамандандырылған сотының төрағасы:
Вы
в праве обжаловать приговор суда в вышестоящей инстанции в течение 15 суток
после получения приговора, также можете ходатайствовать при рассмотрении в
апелляционной инстанции. Вопросы есть? Все свободны!
Жәбірленуші
сот шешімі әділ болды деп санайды. "Екі метр қашықтықтан атылған оқтың үшеуі
басыма, тағы үшеуі арқама тиді. Жанымдағы жолдасым да жарақат алды.
Травматикалық қарумен жақын жерден оқ ату адам өміріне жасалған қастандық деп
есептеймін. Тағайындалған жазамен келісемін",- деді Олжас Мұқажанов.
Олжас
Мұқажанов, жәбірленуші:
Сот
шешімі әділ болды деп есептеймін. Тапа тал түсте тапаншамен атып, денсаулығыма
зиян келтірді. Тіпті өлтіріп кетулері де мүмкін еді. Барлығы менің кәсібіммен
байланысты болып отыр. Қазір бизнесімді толық сатып жібердім.
Кәсіпкерлікпен айналыспаймын.
Еске
салсақ, оқиға өткен жылдың қаңтар айында болған. Бетперде киген екі жігіт
Астанадағы "Керуен" сауда үйінен шығып келе жатқан кәсіпкер мен оның
досын травматикалық тапаншамен атып кеткен. Осы істегі басты фигурант, яғни
Олжас Мұқажановты өлтіруге тапсырыс берді деген күдікке ілінген кәсіпкердің серіктесі Анарбек Ерлан шетелге қашып
кеткен. Қазір ол халықаралық іздеуде. Жәбірленушінің сөзінше, бұрынғы серіктесі
бизнеске таласып, осындай сұмдық әрекетке барған.
Жұрағат БАМАН