Елімізде Ратбай Мырзақұлов есімді физик ғалым бар. Жақында ол «Ғылым лидері» тәуелсіз марапатына ие болды. Себебі Орталық Азия және Қазақстан бойынша ең көп сілтеме жасалатын ғалым. Сондай-ақ, импакт-факторы жоғары ғылыми мақала екені күмәнсіз дейікші, америкалық және еуропалық ғылыми журналдарда 150 мақаласы жарияланған. Физика-математика ғылымдарының докторы Еуразия Ұлттық университетінде «Теориялық физика» ғылыми-зерттеу институтын басқарады. Қарақалпақ АССР-і, Тақтакөпір ауданы, Қоңыраткөл ауылында дүниеге келген Ратбай Мырзақұлов ойлап тапқан «Мырзақұлов теңдеуі» деген теңдеуді қазір шет мемлекеттер ғалымдары белсенді зерттейді... Неге құжатын анасының атымен «Қағазұлы» деп жазған. Калифорнияда жұмыс істегенінде нені ойлады. «Біздің сұхбат»: