Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қазақстанның салық жүйесі - ЕАЭО басымдығы

AstanaTV
02.10.2015ж. 20:00
1417
Қазақстанның салық жүйесі - ЕАЭО басымдығы

Қазақстанның қазіргі салық жүйесі қазақ-ресей инвесторларының өндіріске қаражат құюына мүмкіндік бермейді. Бұл туралы бүгін Қазақстан машина жасаушыларының үшінші форумында айтылды.

Владимир Гутенев, Ресей машина жасаушылары одағының бірінші вице-президенті:

Елдер ішінде бизнеске салық салу бойынша алуандық бар. Мәселен, Ресейдің қосымша құн салығы 18 пайыз, ал Қазақстанда - 12. Табыс салығы 20 да 30. Бұл баға саясатында ерекшеліктер мен өндірістік өнеркәсіпке инвестиция құюға кедергі жасайды.

Алайда, Қазақстандық тарап елдің салық жүйесі өзгермейтіндігін жайлап, әрі қадап айтты. Бақытжан Сағынтаев одақтастарды бәсекелестіктен қорықпауға шақырды. 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Бәсекелестік өте күшті болады. Дегенмен біз салық жүйесіндегі ауытқушылықтарды да дұрыс пайдалана білуіміз керек. Одақтастардың түрлі салық жүйелері одақ келісімінде ескерілген. Бұл біздің ұлттық тәртіп, сондықтан одақ ішіндегі әріптестермен тең жүру үшін, оны өзгерте алмаймыз. Бұл біздің ортақ экономикалық кеңісітіктегі басымдығымыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ