Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Меккеден ұшатын әуе рейстеріне өзгерістер енді

AstanaTV
02.10.2015ж. 20:00
992
Меккеден ұшатын әуе рейстеріне өзгерістер енді

Меккедегі қазақстандық қажылар бір тәулік бойы Жидда қаласының әуежайында түнеуге мәжбүр болды. Себебі Сауд Арабиясы корольдігі әуе рейстерінің бір күнге шегерілгенін ескертпеген. Ұшақты 18 сағат күткен қазақстандықтар қазір елге оралды. Оларды қарсы алған бас мүфти туындаған ыңғайсыздықтарға қатысты түсініктеме берді.

Ержан Қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

Сауд Арабиясында Құрбан айттың күнінің өзгеруімен байланысты аэропортта түсінбеушілік жағдай болды. Оларда Құрбан айтты басында 23-і деді де, сосын 24-і деп белгілегеннен кейін әуежайдағы ұшақтардың кестесінің барлығы түбегейлі бір күнге кешікті.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ