Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Краус - ағайынды аниматорлар

AstanaTV
05.05.2015ж. 20:00
1915
Краус - ағайынды аниматорлар

Аниматор ретінде танымал ағайынды Краустар қазақ тілін оқытудың жаңа тәсілін ұсынып отыр. Олар тілді оқуға сеп болатын «тың дүние» жасауды мақсат еткен. Өзге ұлт өкілдері бола тұра, қазақтың төл шығарламалары негізінде «Алдар Көсе», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» және тағы да басқа мильфильмдер жасады. Ұлтаралық татулықтан туған туындылар жайында тілшіміз Берік Хасенов.  

 
Ағайынды Краустар қазақ тілін үйрету мақсатында 13 жыл бойы осындай көрнекі-құралдар жасаумен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында екі жүзден астам туындылары жарық көрген. Авторлардың айтуынша, бұл еңбектер балалардың ғана емес, ересектердің де назарын аударған.

Артур Краус, суретші-аниматор:

Бұл - балаларға тілді үйренуге арналған құрал. Оқулықты қаншама рет оқып, жаттап алуға да болады, бірақ еліктіріп алып кететін оқиғаға толы мультфильмнің берері мол. Мұнда түрлі жағдайларда қолдануға болатын сөз қоры да бар. Әсіресе, мектепке дейінгі бүлдіршіндерге.

Ағайынды аниматорлар тағы  бір тың жобаға кірісті. Ол - ұялы телефонға арналған қосымша бағдарлама және түрлі ойындар. Әр ойын қазақ тілін үйренуге бағытталған.

Игорь Краус, суретші-аниматор:

Дәл осы жағдайда біздің мобильді қосымшамыз қоғамда кең қолдау тапты. Бізге түрлі пікірлер келіп түсуде. Барлығы бірауыздан осы жобаның берері мол деген баға беруде. Балалар үшін де ғаламтордағы дүниелеріміз алдыңғы орындағы бағдарламаға айналды.

Болашақта ағайынды Краустар тағы бір ауқымды шығармалар жиынтығын бастауды жоспарлап отыр. Ол Қазақстанда мекен ететін халықтардың ертегілерінің желісімен шығарылмақ.

Артур Краус, суретші-аниматор:

Қазақстан аумағында өмір сүретін ұлттардың Отаны бір. Татулығымызды көрсету мақсатында әр түрлі ұлттардан тұратын мультфильмдер, фильмдер түсіру. Біздің ойымыз «Еуразия ертегілері» айдарымен қазақстандық халықтардың ертегілерін жасап шығару. Ал әр бөлімнің басында «Осы ұлттардың барлығы бір Қазақстанда тұрады» деп бастаймыз. 


Ағайынды Артур мен Игорь Краустар, жасаған жобаларымыз халықтар достығына қосып жатқан үлесіміз, деп санайды. Олар «Татулық пен достық, мықты мемлекеттің кепілі» екенін айтады.

Берік ХАСЕНОВ