Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Барак Обама Қазақстан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

AstanaTV
29.04.2015ж. 20:00
827
Барак Обама Қазақстан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президентін сайлаудағы жеңісімен Америка Құрама Штаттарының президенті құттықтады. Бұл жөнінде Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Барак Обама жолдаған құттықтау жеделхатында:  «Құрама Штаттар мен Қазақстан арасында жаһандық және өңірлік мәселелерді табысты шешу жөніндегі тығыз ықпалдастықтың жарқын тарихы бар. Екіжақты қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестігіміз одан әрі тереңдей береріне сенемін», - деген жолдар бар.

Ақ үй басшысы, АҚШ Қазақстанмен серіктесе отырып, Ауғанстандағы қауіпсіздікті қолдауды қамтамасыз етіп отырғанын, жеткізген. Ядролық қару таратпау ісіндегі ортақ мақсаттар жайын да қамтып өтті. «Мен елдеріміздің игілігі үшін барлық маңызды мәселе бойынша Сізбен ынтымақтастыққа әзірмін», - делінген құттықтау жеделхатында. Барак Обама Америка халқының және жеке өзінің атынан Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізіп, татулық пен бақ-береке тіледі.

Еске сала кетейік, бүгінге дейін Елбасын жеңісімен Ресей президенті Владимир Путин, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған, ҚХР төрағасы Си Цзинпинь және тағы да басқа мемлекеттердің басшылары құттықтады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА