Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясы отбасылық үлгідегі балалар ауылы тәрбиеленушілерін балаларды қорғау күнімен құттықтады

AstanaTV
01.06.2016ж. 20:00
1335
«Нұр Отан» партиясы отбасылық үлгідегі балалар ауылы тәрбиеленушілерін балаларды қорғау күнімен құттықтады

«Нұр Отан» партиясының Қызылжардағы мүшелері отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін мерекелерімен құттықтады. Мерекеге орай мекемеде арнайы концерт ұйымдастырылды. Онда бүлдіршіндер мың бұралған би билеп, көңілді әндер шырқады. Шара барысында партиялықтар оқушыларға ыдыс-аяқ пен тәтті тоқаштарды сыйға тартты.

Жалпы, бұл мекемеде 6 отбасы бар. Барлығы 54 бала тәрбиеленіп жатыр. Мұнда бүлдіршіндер алты жастан бастап қабылданады. Мекеме басшылығы көбінесе бір отбасыдан шыққан балаларды алуға тырысады. Нәтижесінде ағайындылар мен апалы-сіңлілілердің бауырлық сезімі сөнбейді, - дейді олар.

Татьяна Ахмадиева, отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушісі:

Балалар ауылында екі жыл тұрамын. Маған балалар ауылы ұнайды. Мен барлық балаларды құттықтаймын. Жазғы демалысты қызықты өткізулеріне тілектеспін. Бізге көмек беріп жүрген апайлар мен ағайларға көп рахмет айтамын.

Жалпы, Петропавлда нұротандықтардың қатары жылдан жылға толығып келеді. Бүгінде олардың саны алты мыңнан асып отыр. Тек биылдың өзінде жетекші партияға 1300 адам қосылған. Осыған байланысты жаңа 26 бастапқы партия ұйымы ашылды. Сөйтіп, осындай ұйымдардың саны елу сегізге жеткен.

Кеңес Мұқышев, «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

«Бақытты балалық шақ» жобасын іске асыру барысында біз отбасылық үлгідегі балалар ауылын мерекемен құттықтап жібердік. Бүгінгі шараға «Білім» және «Радуга» атты екі ұйым қатысып отыр. Бұл жобаның басты мақсаты - бастапқы партия ұйымдарын әлеуметтік мекемелерге қол ұшын созуға баулу. 

Абзал ҚҰРМАНКИН