Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Балалар үйінің тәрбиленушілері Серік Сәпиевпен кездесті

AstanaTV
01.06.2016ж. 20:00
1904
Балалар үйінің тәрбиленушілері Серік Сәпиевпен кездесті

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен өткен бір күн. Бүгін Астана маңындағы «Светоч» балалар үйінің тәрбиеленушілері осындай мүмкіндік алды. Балалар елордалық Arena Boxing Club клубының арнайы жаттығуына қатысты.

Ата-ананың жылуынан айрылған бүлдіршіндер бокс әлемінде аты шыққан спортшылардан шеберлік сабағын алды. Бұрын-соңды кәсіпқой бокс құралдарын көрмеген балалар былғары қолғап киіп, рингте күштерін сынап көрді. Мұндай кездесу жас жеткіншектерге жігер беріп, елдің туын көтеруге септігін тигізеді, - дейді Серік Сәпиев. Кездесу барысында Олимпиада чемпионы жас балаларға қолтаңбасы қойылған естелік сыйлықтар тарту етті.

Василий Овчинников, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

Мен Геннадий Головкин және Серік Сәпиевке ұқсағым келеді. Өйткені олар әлемге әйгілі чемпиондар. Олар әрқашан жеңіске жетеді.

Серік Сәпиев, бокстан олимпиада чемпионы:

Нақты мен үшін жас кезімде айтулы спортшылармен өткен кездесулер үлкен әсер қалдырды. Олардың жеткен жетістіктеріне мен де жетуді армандайтынмен. Сондықтан осы кездесу де оларға бір әсерін тигізер. Араларында жаңа чемпиондар шығар, жоқ дегенде, спортқа ден қояр. 

Берік ХАСЕНОВ