Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында тағы да 3 мыңнан астам киіктің өлексесі табылды

AstanaTV
01.06.2015ж. 20:00
1624
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында тағы да 3 мыңнан астам киіктің өлексесі табылды

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында тағы да 3 мыңнан астам киіктің өлексесі табылды. Бұл туралы аудан әкімі Мейірхан Дуанбеков тілшімізге телефон арқылы хабарлады. Аудан әкімі Қызыл кітапқа енген жануарлардың жаппай қырылуының екінші толқыны мамырдың 28-і күні басталғандығын айтты. Сарөзек даласында мамырдың 17-сі мен 22-сі аралығында киіктің 3092 өлексесі табылған болатын. Қазір тағы 3 мыңнан аса ақбөкен өлексесі табылып отыр. Қазіргі таңда мамандар оқиға орнында оларды жою және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кету керек, жергілікті мамандар, ақбөкендердің жаппай өлуіне көктемде мөлшерден көп жауған жаңбырдан уланған шөппен қоректенуі себеп, деген болатын.

Мейірхан Дуанбеков, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әкімі:

Резерваттың территориясында пайда болған әуелі 100 бастай. Содан кейін сол жан жағының барлығын зерттеп, тағы да 3 мыңдай басы өлді. Соны залалсыздандырды. Көмді. Бүгінгі күнге тоқтады.

Мансұр ЕСҚОЖИН