Пәкістанда
терактіден қаза тапқандар саны 72-ге жетті. Бүгін елде қаралы күн жарияланды.
Ал жарылыс болған жерден жанкештінің дене мүшелері табылған. Адам қанын судай
ағызған жарылысты "Талибан" ұйымы өз мойнына алды.
Пәкістан
премьер-министрі Мұхаммад Наваз Шариф терактіге байланысты Ұлыбританияға
жоспарлаған сапарын кейінге қалдырған. Оның орнына Наваз Шариф оқыс оқиғадан
зардап шеккен жандардың ахуалын сұрады. Қаза тапқандарды айтпағанда, 300-дей
адам жарақат алған. Жанкешті іске қосқан бомба адам көп шоғырланған саябақ
маңында жарылған. Сол күні католик дінін ұстанатын үш миллиондай адам Пасха
мерекесін тойлап жатқан.
Мұхаммад
Аршад, куәгер:
Мен
мына жерде тұрғанмын, қатты жарылыстан шошып кеттім. Айналамда қансыраған
адамдар жатты, қарбалас басталып, үрейленген халық жан жаққа қашып жатты.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА