$512.34 €582.07 ₽6.31
×

Қарағандыда «Таблиғи Жамағат» уағыздаушылары сотталды

AstanaTV
28.03.2016ж. 20:00
1614
Қарағандыда «Таблиғи Жамағат» уағыздаушылары сотталды

Қарағандыда елде тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының 3 бірдей уағыздаушысына қатысты үкім шықты. Қазыбек би атындағы аудандық сот айыпталушылардың біреуін 2 жарым, қалғандарын 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сотталғандар жазасын жалпы ережедегі түзету мекемесінде өтейді.

Айыпталушылар «Таблиғи Жамағат» ұйымының қызметіне тыйым салынғанын біле тұра, оның идеясын 3 жыл бойы белсенді түрде таратып келген. Дәрістер оқу үшін Қырғызстан, Үндістан, Бангладеш елдеріне іссапарға барған. Ал Қазақстанда өз қатарларын көбейту үшін, тұрғындарды жинап, үгіттеген. Ұйымның халықаралық өкілдерімен кездесіп, есеп беріп отырғандары да анықталған. Еске салайық, бұл ұйымның жұмысына 2013 жылы ақпаннан бастап тыйым салынған болатын.

Гүлбаршын Жітікова, Қарағанды облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Айдын Шәкентаев, Бауыржан Серіков, Мұрат Шөпеновтер ҚК 405 бабымен, яғни экстремистік және террористік қызметіне байланысты заңмен тыйым салынып, жабылған діни, қоғамдық бірлестіктің іс-әрекетін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Аталған ұйымға тыйым салынғаны туралы сот шешімі бар. 

Айжан ҚУАШ