$510.59 €578.91 ₽6.37
×

Сириялық келісімнің кезекті отырысы Астанада мамырдың 25- мен 27-сі күндері өтуі мүмкін

AstanaTV
06.05.2015ж. 13:00
1310
Сириялық келісімнің кезекті отырысы Астанада мамырдың 25- мен 27-сі күндері өтуі мүмкін

Мамырдың 25-і мен 27-сі аралығында Астанада сириялық келісімнің кезекті отырысы өтуі мүмкін. Сирия оппозициясының өкілі Ранда Кассис, «Риа-Новости» агенттігіне кезекті келісімнің өтетін уақытын жариялаған. Ол өз сөзінде, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен және министрліктің Азия мен Африка бойынша департамент басшысымен кездескенін айтады. Мамырдың соңында Астанада кездесу өткізуді сол жолы жоспарлаған көрінеді. Сондай-ақ Кассис, Қазақстанның СІМ Сириядағы оппозиция өкілдеріне, азаматтық қоғам ұйымдарына шақырту жібереді деп атап өткен. Кездесуде, Сирияға гуманитарлық көмек жеткізу, шиеленісті саяси шешу жолдары қаралмақ. Еске салайық, Сирия оппозициясы, өздеріндегі жағдайды реттеуге қатысты келісімдер өткізуге көмек қолын созуды өтініп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми хат жолдаған еді.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА