$510.59 €578.91 ₽6.37
×

Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери қолбасшылар мен құқық қорғау органдары жетекшілері жоғары әскери атақ пен шен алды

AstanaTV
06.05.2015ж. 13:00
1516
Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери қолбасшылар мен құқық қорғау органдары жетекшілері жоғары әскери атақ пен шен алды

Отан қорғаушылар күні қарсаңында бірқатар әскери қолбасшылар мен құқық қорғау органдары жетекшілері жоғары әскери атақ пен шен алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Құжатқа сәйкес, генерал-майор әскери атағы жеті адамға берілген. Сондай-ақ, үшінші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі шені де жеті адамға табысталды. Ал ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы бес азаматқа бұйырды. Полиция генерал-лейтенанты деген арнайы атақ Марат Демеуовке берілді. Ал Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов полиция генерал-полковнигі атағына ие болды. Авиация генерал-майоры әскери атағы Дәурен Қосановқа, генерал-лейтенант әскери атағы Олег Бижановқа табыс етілді.

Жұрағат БАМАН