Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы: Алматы мен Астана қалаларындағы баспана құны ақылға қонымсыз

AstanaTV
06.05.2015ж. 13:00
1433
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы: Алматы мен Астана қалаларындағы баспана құны ақылға қонымсыз

«Ақылға қонымсыз баға». Қазақстан ипотекалық компаниясының басқарма төрағасы Астана мен Алматы қалаларындағы баспана құнына қатысты осындай пікір білдірді.

Азамат Ибадуллаев, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы:

Меніңше, Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік бағасы ақылға қонымсыз. Бұл жеке менің ойым. Мемлекет осы секторға араласып, құрылыс жұмыстарына неге қатысады деген сұрақтар бар шығар. Біз отандық компанияларды тарта отырып, отандық құрылыс материалдарымен баспана тұрғызып, бағаны халыққа барынша қолжетімді етуге тырысудамыз.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз орталығында мүгедектерге жалдамалы баспана беру мәселесi де сөз болды. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингiнiң жетекшісі Қуандық Бишiмбаев, мүгедектерге арнайы квота қарастырылмаса да, бұл сұрақ болашақ еншісінде деді. Еске салайық, жалдамалы баспананың 50 пайызы жас отбасылар арасында үлестiрiлетіні хабарланған.Бұл санат бойынша 30 жасқа дейiнгi жас отбасылар басымдыққа ие.

Қуандық Бишiмбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма басшысы:

Мүгедектерге арнайы санат қарастырылмаған. Бiрақ қазiр ол сұрақ талқыланып жатыр. Бағдарламаның басты мiндетi о бастан-ақ елде еңбек етiп, бала тәрбиелеп жүрген жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету болған. Әсiресе, отбасында бiрнеше балалары бар жанұялардың өмiр сапасын жақсарту. Мүгедектер бойынша мәселе жеке қаралады. Тиiстi шешiм қабылданса, хабарлаймыз.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА