Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында түлектерге психологтармен қатар имамдар да рухани қолдау көрсетуде

AstanaTV
06.05.2015ж. 10:00
1305
Ұлттық бірыңғай тестілеу алдында түлектерге психологтармен қатар имамдар да рухани қолдау көрсетуде

Ақтөбеде психологтар мен имамдар жоғарғы сынып оқушыларымен кездесуде. Жергілікті билік, ұлттық біріңғай тест қарсаңында түлектерге аймақтағы дін өкілдері тарапынан психологиялық, әрі рухани сабақ беруді мақсат еткен. Сондай-ақ, жеткіншектер діни танымын кеңейтіп қана қоймай, алдағы сын - емтиханға психологиялық тұрғыдан әзірлік жасалмақ. Имамдар мектеп оқушыларын сабырлылыққа шақырып, бұл асуды тек біліммен алуға болатындығын баяндады. Сыннан сүрініп, өмірдің қиындықтарына төзбей, өз-өзіне қол жұмсайтын түлектердің бар екенін, ол дін тұрғысынан жат дүние екенін түсіндірді. Осындай қайғылы жайттардың алдын алу мақсатында да діни уағыздар да айтылуда. Мұндай басқосулар оқу жылы соңына дейін қаладағы барлық мектептерде өтпек.

Бақытбек Тәжімбет, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы:

Мына оқушыларға айтатын нәрсеміз ең бірінші азаннан кешке дейін жақсылап дайындалу сабағына, ЕНТ-де келетін сұрақтарға. Дұрыс емес әрекеттерге бармау керек. Өз-өзіне қол салу, қол жұмсау. Болмаса жаңағы тамырын кесу деген секілді түрлі-түрлі себептер бар. Ондай нәрселерге бармай, жақсылап тұрып дайындалып, сабырлық пен шыдамдылыққа шақырамыз.

Мансұр ЕСХОЖИН