$511.59 €575.28 ₽6.33
×

Италияда білім реформасына қарсы бас көтеру болды

AstanaTV
06.05.2015ж. 10:00
1186
Италияда білім реформасына қарсы бас көтеру болды

Италияда, Маттео Ренци үкіметі ұсынған білім беру саласындағы реформаға қатысты наразылық туды. Жаңашылдыққа қарсылық елдің 7 қаласында өтуде. Наразылық шараларына ұстаздар, оқушылар, білім мекемелерінің басшылары мен кәсіподақ өкілдері қатысуда. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, Ренци Үкіметі халықтық білім беру жүйесін реформалауға негізделген: «Жақсы мектеп» мемлекеттік бағдарламасын 2014-жылдың күзінде әзірлеген. Құжатта мемлекеттік білім беру саласына жұмсалатын қаржы қысқартылатыны көрсетілген. Оған қоса, мұғалімдерді жұмыстан босату үрдісі жеңілдетіліп, оқытушыларға білім ордаларын өздері таңдауға тыйым салынбақ. Сонымен қоса, жаңа жобада жұмысқа шығу үшін кезекке тұруға мүмкіндік берген байқаулардың күші жойылмақ. Әзірге заң жобасы депутаттар қарауында. Заң шығарушы орган құжатты мамырдың он тоғызында дауысқа салады. Бұдан соң ол Республиканың Сенатына жіберілмек.

Әсем МҰХИТОВА