Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Жер заңнамасы нормаларын түсіндіру қоғамдық кеңесі Павлодар ауданының шаруаларымен кездесті

AstanaTV
02.06.2016ж. 20:00
1191
Жер заңнамасы нормаларын түсіндіру қоғамдық кеңесі Павлодар ауданының шаруаларымен кездесті

Керекулік шаруалар жерді жекенің қолына беру үрдісін қолдайды. Меншікті жерім болса, оған деген көзқарасым да басқаша болар еді,- деген сенімде. Жер заңнамасын түсіндіру жұмыстары бойынша облыстық қоғамдық кеңес Павлодар ауданының шаруаларымен кездесті.

Жиын барысында комиссия мүшелері атқарылған жұмыстар легін ортаға салды. Қожалық өкілдерінің бұл мәселеге қатысты пікірі мен ұсыныс-тілектері тыңдалды. Ауданда 580 мың гектар егістік алқап бар. Оның 2 мыңы ғана жекенің иелігінде. Аудан әкімінің сөзінше,  бұл өте төмен көрсеткіш. Ал, заңнамадағы жаңа өзгерістер мен жеңілдіктер кенжелеп қалған іске жан бітірері анық, - деп санайды аудан басшысы Александр Бабенко.

Жер - ұлттық қазынамыз. Оны тиімді пайдалану арқылы мол өнім алып, зейнетін көруге мүмкіндік бар. Сондықтан бұл салаға инвесторлар тарту - басты талап. Десе де, дәл қазіргі уақытта қазақстандық жер пайдаланушыларды барынша қолдау керек,- дейді  шаруалар.

Серік Сүлейменов, шаруа қожалығы басшысы:

Банктерге, үй құрылысына көптеген миллиардтаған ақша шашылып, беріліп жатыр ғой. Біз айтпаймыз, ауыл шаруашылығына берілмей жатыр деп. Дегенмен де, сол Ұлттық қордағы ақшаны осы жаққа бұрып, құятын болса, жер арзандап, шаруа қожалықтарына тиетін болса, бізге ол көптеген көмегін тигізер еді. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ